Жаңалықтар

Назарбаев Университетінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін Жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасы өтіп жатыр

MSS_6080

16 маусымда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10-11 сыныптарының 40 оқушысына арналған академиялық мәселелер жөніндегі Вице-провост Лоретта О’Доннелдің және мектептердің профессорлар және оқытушылар құрамының қатысуымен жазғы зерттеу бағдарламасы ашылды. Ашылу салтанатының арнайы қонағы, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің даму департаментінің директоры Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы қатысушыларға университеттің бағдарламасының жемісті және қызықты өтуін тіледі.

Бұл бағдарлама дарынды студенттерді университетке әлеуетті үміткерлер ретінде тарту, жоғары және орта білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ STEM білімін дамытуға бағытталған. Бағдарлама екі аптадан тұрады. Бірінші аптада оқушылар Медицина мектебінің, Инженерия мектебінің, Ғылым және технология мектебінің, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектептерінің жобаларымен  танысады. Екінші аптада студенттердің төрт тілдік дағдыларын жетілдіру мақсатында академиялық ағылшын тілі сабақтары өткізіледі. Бағдарлама барысында қатысушылар студенттер мен түлектермен кездеседі, сондай-ақ университеттің студенттік өмірі мен кампусымен танысады.

2018 жылы Назарбаев Университеті НЗМ оқушыларына арналған ұқсас бағдарлама ұйымдастырған болатын. Бағдарламаға Қазақстан Республикасының әртүрлі қалаларынан 10-11 сыныптарының 200 оқушылары қатысты.