Жаңалықтар

Үздіксіз білім беру департаменті ағылшын тілі деңгейін көтеру мақсатында ағылшын тілі онлайн курстары жайлы хабарлайды.

117621026_955488578302648_5083253405392973520_n

Үздіксіз білім беру департаменті (бұдан әрі – Департамент) ағылшын тілі деңгейін көтеру мақсатында ағылшын тілі онлайн курстары жайлы хабарлайды.

English Discoveries – бұл ағылшынша онлайн оқыту алаңы. English Discoveries корпоративті және институционалды деңгейлердегі бизнес және білім беру элементтерінің барлық аспектілерін қамтиды.

Ағылшын тілін үйренушілердің көпшілігінің сұрауларына жауап бере отырып, English Discoveries платформасы оқытудың тиімділігі мен оны пайдаланушылардың іскерлігін дамыту перспективаларын арттыратын жеке жүйені ұсынады.

Ағылшын тілі онлайн курстар туралы жалпы ақпарат:

• Курстың құны: айына 24 500 теңге (Оқытушымен 12 интерактивті сабақ + платформадағы тәуелсіз сабақтар).
• Оқу деңгейлері:

  • Beginner
  • Elementary
  • Pre-Intermediate
  • Intermediate
  • Upper-Intermediate

• 1 деңгейдің ұзақтығы – 6 ай (72 сабақ)

Егер сіз онлайн-курстарға қатысқыңыз келсе:

1) Деңгейлік тестті bit.ly/nu-placement сілтемесінен өткізіңіз
2) Тіркеуді аяқтау мақсатында деңгейді анықтау үшін тест тапсырғаннан кейін dll@nu.edu.kz мекен-жайына жазыңыз.

Құрметпен,
Үздіксіз білім беру департаменті