Жаңалықтар

НУ Тестілеу орталығындағы барлық тест түрлері 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тоқтатылады

изображение к новости

Осымен біз Сіздерді Назарбаев Университетінде  НУ қоғамдастығы арасында COVID-19 вирусының  таралуына жол бермеу үшін шаралар қолданып жатқанын хабарлаймыз. Сондай-ақ біздің нұсқауларымыз бен шараларымыздың Қазақстан Республикасы Үкіметінің  шешімдеріне толық сай келетінін айтқымыз келеді.

Назарбаев Университетінің Басқарушы кеңесінің 2021 жылғы 4 мамырдағы №04.05.2021 шешіміне байланысты, вирус жұқтыру қаупін барынша азайту мақсатында, НУ Тестілеу орталығындағы барлық тест түрлері 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тоқтатылатынын хабарлаймыз.       

Тестілердің барлық провайдерлеріне (Pearson Vue, ETS, ETS Global, College Board) тестілердің тоқтатылғаны туралы хабар берілді, барлық үміткерлер хабарды тікелей тек қана провайдерлерден алуы тиіс, себебі НУ Тестілеу орталығында үміткерлердің байланыстары бойынша ақпарат жоқ.

 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!