Біз туралы

Үздіксіз білім беру департаменті 2019 жылдың қаңтарында Назарбаев Университетінің түлектері мен қызметкерлеріне үздіксіз білім беру мүмкіндігін беру мақсатында құрылды.

Департамент Назарбаев Университетінің профессорлар және оқытушылар құрамы үшін орыс тілі курстарын, ағылшын тілі курстарын, университет қызметкерлері мен сыртқы тыңдаушыларға арналған халықаралық стандартталған тест тапсыру үшін дайындық курстарын ұсынады. Курс бағдарламалары Назарбаев Университетінің бағдарламаларын әзірлеу стандарттарына сәйкес құрастырылады.

Департамент қызметінің негізгі бағыттары:

  • университет түлектері мен қызметкерлері үшін үздіксіз білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру;
  • тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатында университет қызметкерлеріне арналған тілдік курстарды ұйымдастыру;
  • IELTS, SAT халықаралық стандартталған тестілеріне дайындық курстары;
  • SAT, TOEFL, GRE халықаралық стандартталған тестілерді өткізу;
  • жоғары сынып оқушыларына арналған жазғы зерттеу бағдарламаларын ұйымдастыру.

Қызмет көрсету кезінде Департамент кәсібиліктің жоғары стандарттарын және этикалық қағидаттарды ұстанады.